☝ДІН ИСЛАМ - ДІҢГЕГІМ ✅
Сақал-шашы өсіп кеткен бір адам шаштаразға келіп, шашын алдырып, сақал-мұртын бастыра бастады. Қарап отырмай шаштараз екеуі әртүрлі тақырыпта әңгімелеседі. Бір кезде әңгіме әуені дін тақырыбына ауысады. Шаштараз:»Не десеңіз о деңіз, мен Құдайдың барына сенбеймін. Егер Құдай бар болса неге мына дүниеде қаншама жетім-жесір, қаншама ауру-сырқау, мүгедектер, пақыр-міскін, кедей-кепшік, неге осыншама қорлау мен қиналу бар бұл дүниеде,»-дейді. Сақал алдырушы кісі айтыс-тартыс үдеп кетпес үшін үндемей қоя салады. Тірлігін бітіріп, есептесіп сыртқа шықса, сақал-шашы өсіп кеткен біреу келе жатыр екен. Оны көріп қайта кіреді да, шаштаразға:»Мен осы шаштараздардың барлығына сенбеймін,»-дейді. Шаштараз:»Түсінбедім, сіз қазір ғана менің алдымнан сақал-шашыңызды алдырып шыққан жоқсыз ба? Енді бұл сөзіңізге жол болсын?»-дейді. Клиент терезе алдынан өтіп бара жатқан сақал-шашы өскен адамдык өрсетіп, егер шаштараздың бар екені рас болса адамдар көшеде мынадай болып әбіржіп жүрмеседі дейді. Шаштараз таңғалып:»Егер олар өздері менің алдыма келмесе мен не істеуім керек. Егер алдыма келіп отырса онда әңгіме басқа,»-дейді. Сол кезде клиент:»Құдай да сол секілді, кім Құдайды қажет етіп іздеп мінәжат жасап алдына келсе Ол бар. Ал кім Құдайды керек қылып іздемесе Ол не істесін!»-деген екен.